16
ноябрь
2020
COVID-19 дан қорғау
COVID-19 дан қорғау
Коронавирус (COVID-19) сияқты респираторлық вирустар, адам ағзасына көз, мұрын немесе тамақ арқылы құрамында вирусы бар шырыш немесе тамшылардың түсуі арқылы таралады. Көбінесе таралу қол арқылы орын алады. Қол сондай-ақ вирустың бір адамнан екінші адамға таралуының ең жиі кездесетін жолдарының бірі болып табылады.Жаһандық пандемия кезінде вирус таралуының алдын алудың ең қолжетімді, қарапайым және маңызды тәсілдерінің бірі - қолды сабынмен және сумен жиі жуу.
Біз сіз үшін қолды дұрыс жуу туралы сізге қажетті барлық ақпаратты жинадық:
1. Қолды қалай дұрыс жуу қажет?
Қолды тез жуу және шаю вирустан толық құтылуға көмектеспейді. Төменде тиімді қол жуу процесі келтірілген.- Қадам 1: Қолды ағынды сумен сулаңыз
- Қадам 2: Суланған қолға молынан сабынды жағыңыз
- Қадам 3: Қолдың барлық жақтарын, оның ішінде алақанның сыртқы жағын, саусақтардың арасын және тырнақтардың астын кемінде 400 секундтан 60 секундқа дейін мұқият жуыңыз.
- Қадам 4: Ағынды сумен мұқият шайыңыз
- Қадам 5: Таза мата немесе бір реттік сүлгімен қолды құрғақ етіп сүртіңіз
2. Қолды қаншалықты ұзақ жуу қажет?
Қолды кемінде 40-60 секунд жуу қажет. Уақытты белгілеп қалудың қарапайым жолы - "Туған күніңмен" әнін екі рет толық орындап шығу.Бұл өз кезегінде қолға арналған дезинфекциялау құралына да қатысты: құрамында кемінде 65% спирт (мүмкіндігінше метил спиртсіз болғаны дұрыс) бар дезинфекциялау құралын қолданыңыз және оны қолдың бүкіл үстіне кемінде 20 секунд жағыңыз.