Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 25-44-52
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » » Қалдырған ізің мәңгілік
04
сентябрь
2018

Қалдырған ізің мәңгілік


МЫРЗАТАЙ ОРТА МЕКТЕБІ

      1988 жылы Мырзатай орта мектебі болып ашылды. 1988-1989 оқу жылдарынан бері жұмыс атқарып келе жатқан ұстаздар математика пән мұғалімі Жүнісбаева Тұрсынкүл «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі белгісімен» марапатталған, химия пән мұғалімі Сыдықов Есіркеп «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі белгісімен» марапатталған, тарих пән мұғалімі Құлтаева Әлия Айбасқызы, математика пән мұғалімі Сатова Маржан Үзденбекқызы, физика пән мұғалімі Шәкірбаев Серік, шет тілі пән мұғалімі Шәкірбаева Назира, физика пән мұғалімі Жанкелбекова Бақыт, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Сейдуалиева Роза, бастауыш сынып мұғалімі Момбекова Халима және мектеп кітапхана меңгерушісі Оразбаева Калима Нұрмағанбетқызы. Мектеп директоры: 1988-1989 жылдары Греб Александр тағайындалды.

       1989-2004 жылдар аралығында директор болып Джарболова Бахытжан тағайындалды. Джарболова Бахытжан, 1950 жылы, 30 тамызда Көкшетау облысы, Щучинск қаласы, қызметкерлер отбасында дүниеге келді. 1957 жылы бірінші сыныпқа қабылданған. Сегізінші сыныптан соң Щучинск қаласындағы педучилищеге түсіп, 1969 жылы бітірді. 

1969 жылы Свердлов ауданы, Ақжар ауылы, Ақжар орта мектебіне тәрбиеші ретінде жұмысқа қабылданған. 

        1972 жылы Шымкент қаласындағы Шымкент пединституты, филология факультетіне түсіп, оны 1976 жылы бітірді. 1973 жылы Ақжар орта мектебінен Свердлв ауданы, Чапаев ауылы, Чапаев орта мектебіне орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып ауыстырылды. 1983 жылы Мырзатай ауылына көшіп келіп, 1983-1989 жылдар аралығында Мырзатай ауылындағы «Родничок» балабақшасының меңгерушісі болып қызмет атқарады. 1989 жылы Мырзатай орта мектебіне директор ретінде ауыстырылды. 1989-2004 жыл аралығында осы аталған мектептің директоры болып қызмет атқарды. 1984 жылы Білім және ғылым министрлігінен «СССР Құрмет грамотасымен», 1993 жылы Қазақстан Республикасының «Үздік ағартушысы грамотасымен » марапатталды.

Мырзатай орта мектебінің ұстаздар ұжымы

      2004 жылдың ақпан айынан бастап, орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі болып ауыстырылды.

     2004-2006 оқу жылдарында директор болып Шәкірбаев Серік Егенұлы тағайындалды. Шәкірбае Серік Егенұлы, 1959 жылы, 1 сәуірде Аққия ауылы, Свердлов ауданы, Жамбыл облысында қызметкер отбасында дүниеге келді. 

      1967  жылы Аққия бастауыш мектебіне барып, 1976 жылы Жетібай ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектепті бітіріп шықты. Осы жылы «Октябрьдің 50 – жылдығы» атындағы Жамбыл педагогикалық институтына, түсіп, оны 1980 жылы физика мамандығы бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын осы жылы Шу ауданы «Дружба» совхозындағы «Жеңістің 30 жылдығы» орта мектебінде физика пәні мұғалімі болып бастаған. 1983 жылы наурыз айында осы совхоздың бастауыш комсомол ұйымының босатылған хатшылығына есеп беру-сайлау жиналысында сайланды. 1985 жылдың қыркүйек айында Свердлов ауданы, Жамбыл атныдағы орта мектептің сызу және сурет пәні мұғалімі болып орналасты. Осы жылдың қараша айында аталмыш мектептің директордың міндетін атқырушы, кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметкерін атқарды. 1988 жылдың тамыз айнан бастап Мырзатай ауылы, Мырзатай орта мектебіне физика пән мұғалімі болып қызмет атқарды. Осы аталған мектепте 2004-2006 жыл аралығында директор болып жұмыс атқарған. 2006 жылдан бастап физика пәні мұғалімі.

        2006 жылдың қараша айынан бастап мектеп дирекоры болып Жұмасаева Роза Абдуаливна 1965 жылы 9 ақпанда Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Киров колхозында дүниеге келді. 1971 жылы Дихан сегіз жылдық мектебінің бірінші сыныбына қабылданып, 1981 жылы Ново-Ивановка селосындағы Жамбыл орта мектібін бітіріп, осы жылы «Октябрьдің 50 жылдығы» атындағы Жамбыл педагогикалық институтына түсіп, оны 1986 жылы аяқтап, математика және физика пәні мұғалімі мамандығын алды. 1986 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шоқпар станциясында №36 М.Әуезов атындағы орта мектебіне математика пән мұғалімі болып қабылданды. Осы мектепте 1992 жылы тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, 1994 жылы оқу ісі жөніндегі орынбасар, 1996 жылдан бастап мектеп директоры болып тағайындалды. 2005 жылдың желтоқсан айынан бастап математика пән мұғалімі. Білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі, қоғамдық жұмысқа белсене араласқаны үшін «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі белгісімен», «Қазақстан теміржол» РМК-ның Құрмет грамотасымен марапатталған. Ал, 2006 жылдың қараша айынан бастап Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Мырзатай ауылы Мырзатай орта мектебінің директоры болып тағайындалды.

       Қазіргі таңда мектепте оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және көтеру мақсатында оқу ісі жөніндегі орынбасар Әбілдаева Н.Қ. жұмыс атқарып келеді. Ұстаздық жолын 1971 жылы Жуалы ауданындағы Лермонтов орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. 

          1974 жылы Свердлов ауданындағы Киров 8 жылдық мектебіне математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарса, 1984-1991 жылдар аралықтарында Мырзатай орта мектебінде бастауыш сынып мұғаілімі болып және мектеп директоры қызметін қоса алып атқарды. Ал 1991 жылдан бастап осы мектептің оқу ісінің меңгерушісі және математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады. Сондай-ақ Аға мұғалім, Республикалық «Отан» партиясының Байзақ аудандық филиалының грамотасымен марапатталған. 

Кітапхана меңгерушісі Оразбаева Қалима Нұрмағанбетқызы Мырзатай орта мектебінде өзінің еңбек жолын 1989 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. 2006 жылы Жамбыл облысы әкімиятының білім беру департаменті облыстың біліб жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткеншек ұрапақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін Жамбыл облысы әкімиятының білім беру департаментінің директоры Д.Әбдіраймовтың Құрмет грамотасымен марапатталған. 05.12.2007 жылы Жамбыл облысының педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институты «Оқу-тәрбие үрдісін мектеп кітапхансында ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум жұмысына белсене қатысқаны үшін институты директоры А.Жұрынбайдың Алғыс хатымен марапатталды. 2007 жылы аудандық «Үздік кітапханашы» байқауында І орынды иеленгені үшін Байзақ ауданы білім бөлімінің бастығы Е.А.Байназаровтың Мақтау грамотасымен марапатталды.

          Оқу әдістемелік орынбасар Несіпбаева Ж., тәрбие ісі жөніндегі орныбасар Сапарбаева Г., педагог-психолог Тынаева К., әлеуметтік- педагог Хуснидинова А., тәлімгер Алимбаева Г. Талмай еңбек етуде. 

          2008-2009 оқу жылында мектеп оқушыларының саны – 370, мұғалімдер саны – 55, оның 9-ы жоғары санатты, 15-1  бірінші санатты, 14-і екінші санатты, 48-і жоғары білімді, 7-і арнаулы орта білімді.

Біздің мектеп мақтаныштары:

          Иманбаева Сабира – тарих ғылымдары доценті, Назарқұлова Ләззәт – заң ғылымдары доценті, Қарабаева Сандуғаш – заң ғылымдары кандидаты.,

Жақсылықов Ғалым – Краснодар жоғары әскери инженерлік институтын бітірген. Әскери атағы лейтенат, Саменбаев Бақыт Сәрсенұлы. 1999-2003 жылдарыАстана қаласындағы Республикалық Жасұлан әскери мектепті бітіріп, 2004-2008 жылдары Алматы қаласындағы жоғары әскери интитутын бітіріп, бүгінгі күні Ақтөбе қаласындағы Қазақстан Республикасы әуе қорғанысы институтында қызмет атқарады. Әскери атағы лейтенат, Бөгенбаева Ақмарал Жарасқызы – «қазақстан темір» жолы вице президентінің көмекшесі.

        Үздік аттестатқа бітірген оқушылар Үсенбаева Бекзат, Шаймерденова Жанар 1999-2000 оқу жылы, Орманбеков Бақтияр, Сейдуалиева Әсел 2000-2001 оқу жылы.

          Жанкелбекова Б.Д. жоғары санатты, бастауыш сынып мұғалімі. 1988 жылдан бастап Мырзатай орат мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етіп келеді. Ол 1993 жылы Октябрідің 50 жылдығы Жамбыл педагогикалық институтының «Бастауыш мектептің педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша толық курсын бітіріп шыққан.

          «Еліміздің қасиетті бойтұмары» атты педагогикалық оқудағы баяндамасы жоғары бағаланып, облысқа өткен.

          Аудандық «Жыл мұғалімі» байқауына қатысып, «Тәлімгер ұстаз» номинациясын жеңіп алған. 1-4 сыныптарға арналған диктанттар жинағы авторлық бағдарламасының авторы. 1-4 сыныптарға арналған таңдау пәні бойынша әдеп сабағының авторлық бағдарламасының авторы.

          Облыс көлемінде өтілген «Мен зерттеуге үйренемін» атты байқауға оқушыс Рүстемова Ш. қатысып ІІ орынды иеленген.

          2006-2009 жылдары мектептегі кәсіподақ ұйымының төрайымы болып сайланған. Осы жылдары аудандық «Кәсіподақтың ең үздік жыл көшбасшысы» байқауларына қатысып жүлделі орынды иеленген. Аудандық білім бөлімінің, Жамбыл облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау интитутының Грамоталарымен және Байзақ ауданы білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің Дипломдарымен марапатталған.

          Диханбаева А.Ш., бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі. 1987 жылдан бастап Мырзатай ота мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етіп келеді. Ол 1987 ж. Абай атындағы Жамбыл педагогикалық училищесін, ал 2004ж. Тараз институтының Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі мамандығы бойынша толық курсын бітіріп шыққан.

          1-4 сыныптарға арналған диктанттар жинағы авторлық бағдарламасының авторы. «Аудандық білім жүесіндегі шығармашлық еңбегі және жеткеншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін» Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің грамотасымен, «Бастауыш сынып мұғалімдерінің Авторлық еңбектер байқауына ұсынылған терең мазмұнды оқу әдістемелік кешені үшін» Жамбыл облыстық ұсынылған терең мазмұнды оқу әдістемелік кешені үшін  жамбыл облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институтының гармотасымен, «Ең үздік мектеп алды маманы» байқауында екінші орынды иеленгені үшін Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің дипломымен марапатталған.

         Құлтаева Ә.А., жоғары санатты тарих пәні мұғалімі. 1986 жылы ҚазГУ-дің тарих факультетін бітірген. Тарих және қоғамтану мамандығы бойынша.

          ҚР Ғлым академиясы және «Әділет қоғамдық ұйымы» ұйымдастыруымен өткен «ХХ – ғасыр адамы» атты ғылыми шығармашылық конкурсқа қатысып, оқушысы Бөгенбаева Ақмаралдың жұмысы ерекше бағаланып, жұмысындағы жетекшілігі үшін Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының академигі Манаш Қозыбаевтың заттай сыйлығымен және «Алғыс хатымен» марапатталды.

        Тажиева Б.А., бірінші санатты биология пәні мұғалімі. «Экология және қоршаған орта» тақырыбындағы ғылыми жобасы аудан көлемінде қорғаланып, облыста тыңдалды. Оқушысы пәндік олимпиадаға қатысып ауданда бірінші орынды иеленіп, облыстық олимпиадаға қатысты. Биология кабинетін жақсы жабдықтағаны үшін, аудан көлемінде 1-ші орында тұр. Аудандық пәндік олимпиадаға қатысып «Талапкер» номициясын грамоталарымен марапатталған.

Байтілеуова Айна Елубайқызы, 

          1 санаттағы технология пән мұғалімі. Оқушыларды өнерге баулып, оның қыр-сырын меңгертіп, білім беріп эстетикалық талғамынғ, қабілетін арттырып ұлттық өнерге деген қызығушылығы мен шығармашылықтарын іскерлік дағдыларын қалыптастыру жолында бірталай жұмыстар атқарды. Технология пәні бойынша өтілген аудандық олимпиадада оқушысы Кемелбек Назым «Аққулар» тақырыбындағы гобелені бас жүлдені иеленіп, облыстық олимпиадада екінші орынды иеленді.

Ұлағатты ұстаздар.

Жүнісбаева Тұрсынкүл Жүнісбайқызы, жоғары санатты математика пәні мұғалімі. 1968 жылы Қызылордадағы Н.В.Гоголь атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын математика мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Мойынқұм ауданының Кәрім Мыңбаев мектебіндегі бастаған, сонан соң Чапаев совхозы Чапаев орта мектебінде 11 жыл қызмет атқарған. Партия ұйымының хатшысы, оқу ісінің меңгерушісі, интернет меңгерушісі, тәрбие ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарған ардагер ұстаз. Мырзатай орта мектебі ашылған осы мектепте қажымай талмай ұстаздық еңбек етіп келеді. Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі. 

Қошмұханов О., І санатты, БӘД пән мұғалімі. 1996 жылдан бастап Мырзатай орта мектебінде БӘД пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасайды. Оқушылары «Сапта жүріп ән айтудан» облыстық байқауға қатысып, «Құрмет грамотасымен» марапатталған. 

Есқараева Сағаткүл Рахметтіләқызы, Жоғары санатты математика пәні мұғалімі. Еңбек жолын 1971 жылы Чапаев орта мектебінде физика-математика пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1983-1985 жылдары Чапаев мектебінде оқу-тәрбие жөніндегі директордың орныбасары, 1988-1993 жылдары Байзақ аудандық оқу бөлімінде физика-математика пәндері бойынша аға әдіскер қызметін атқарған. 1993 жылдан бастап Мырзатай орта мектебінде физика-математика пәні мұғалімі. Қазақ ССр-нің Халыққа білім беру «Құрмет» грамотасымен марапатталған. 

Сейдуалиева Роза Нұрсәлімқызы, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі. 1988 жылы ҚазГУдің қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген. Еңбек жолын мырзатай орта мектебінен бастаған. Оқушысы Рысқұлова Жанар «Мен елбасының жолдауын қалай түсінемін» тақырыбы бойынша шығарма байқауында жүлделі орынға иеленді. Қазақ тілінің «Үздік сабақ жоспары» байқауы бойынша аудандық білім бөлімінің дипломымен марапатталды.

Нұршабекова Зәуреш Хамидуллақызы, І санаттағы технология пән мұғалімі. «Тараз» институтының «Кәсіптік оқыту және еңбек» мамандығы бойынша толық курсты бітіріп шықты. Аудан көлемінде «Тегін шеберханасы» І орынға ие болды. 2007 жылы 10 маусымда технология пәні бойынша аудандық олимпиадаға қатысқан 10 сынып оқушысы Нұршабекова Ақжүніс І орынға ие иеленіп, І облыстық байқауына жолдама алып «Жас талапкер» номинациясымен марапатталып қайтты. Аудан бойынша өтілген қазақ халқының «Ежелгі қол өнер» байқауында оқушылардың жұмыстары жүлделі орынға ие болды.














Похожие публикации:

10 апрель 2018 Сабақ кестесі 2
12 сентябрь 2018 Мектеп тарихы
19 апрель 2018 Сабақ кестесі
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив